Парламент депуататтарының бәрі каникулға кетті

900

Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Парламент депуататтарының бәрі каникулға кетті Фото: inbusiness.kz

Депутаттар 1 қыркүйекке дейін демалады.

"Біз жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл сессия жұмысы қасиетті Отанымыз Қазақстанымызға 30 жыл толған мерейлі кезеңде басталды. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік әрбір отбасын, әрбір қазақстандықтың зор мақтанышы және баға жетпес байлығы болып саналады. Себебі дәл осы 30 жылдың ішінде біздің еліміз барлық салада зор табыстарға жетті. Бүгінгі күні Қазақстанымыз бүкіл әлем мойындаған беделі жоғары, іргесі берік қуатты мемлекетке айналды. Бүгін де осы 30 жыл бұрын негізін қалаған, мақсаты айқын, болашағы зор "Қазақстандық жолды" Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев одан әрі табысты жалғастырып келеді. Қазірдің өзінде ел дамуына нақты серпін беретін маңызды бастамалар, бірқатар саяси әрі экономикалық-әлеуметтік реформалар нәтижелі қолға алынды", – деді отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, биыл сайлау нәтижесінде Мәжіліс құрамы 70 пайызға жаңарған.
"Бүкіл әлемге тараған коронавирус індеті Қазақстанды да орын алды. Соңғы бір жылдан астам уақыттан бері еліміз пандемия салдарымен күрес жүргізіп келеді. Елдегі жағдай баршамыздың өмірімізге, жұмысымызға көптеген өзгерістер әкелсе де, Парламент бір күнге де өз жұмысын тоқтатпады. Еліміздің технологиялық жетістіктерін пайдалана отырып, белсенді еңбек етті", – деп түйді Нұрлан Нығматулин.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу