Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атқарушы биліктің жұмысына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Журналистер спикерден "Біздің Парламент қандай жағдайда Үкіметтің отставкасын сұрауы мүмкін?" деп сұрады.
"Мұндай мәселелердің барлығы заңда реттелген. Қазір елімізде осындай мәселені көтеруге негіз жоқ деп есептеймін. Себебі Үкіметтегі әріптестеріміз инвестицияны тартуға да біраз жұмыс істеп жатқандарын айтып жатыр. Инфляцияны да бақылауда ұстауға біраз әрекеттерді жасап отыр. Сондықтан әрі қарай да біз өз тарапымыздан Үкіметпен бірлесіп осы бағыттарда жұмыс істейміз, яғни біздің де жауапкершілігіміз бар", – деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.