Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 6 партия қатысады

1000

Олардың тізімі бекітілді. 

Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 6 партия қатысады

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент мәжілісі депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселесі қаралды. Комиссия мүшесі Асылбек Смағұловтың сөзінше, "Сайлау туралы" конституциялық заңының 87-бабы 1-тармағына және 103-бабының 1-тармағына сәйкес мәжіліс депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға берілген. 

"Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, елімізде 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Бүгінгі күні барлық саяси партиялар заңнама аясында жұмыс істейді. Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіз жоқ. Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі", – деді Асылбек Смағұлов. 

Бұл ретте Әділет вице-министрі Наталья Пан "Бірлік" партиясының Шымкенттегі және Түркістан облысындағы бөлімі қайта тіркеуден өтпегенін ескертті. Соған сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев аталған саяси ұйым бөлімдерін қайта тіркеуден өткізіп үлгере алатынын атап өтті. 
"Қазір осындай уақыт ішінде қалалар салынып жатыр. Ал бізде партиялар тіркеуден өтпеген...", – деді комиссия төрағасы. 

Осылайша Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәжіліс сайлауына "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігін, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігін, "Бірлік" саяси партиясы" қоғамдық бірлестігін, "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" республикалық қоғамдық бірлестігін, "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" қоғамдық бірлестігін, "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулы қабылданды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу