Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

744

Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді Фото: inbusiness.kz

Сенат төрағасының айтуынша, былтыр қыркүйектен бері сенаторлар бастамашы болған 7 заң жобасының алтауы қабылданды. 14 заң жобасы бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

"Сенаторлар өңірлерге барып, халықпен және еңбек ұжымдарымен 300-ге 
жуық кездесу өткізді. Бұдан бөлек тұрақты комитеттер ұйымдастырған 3 үкімет сағаты, 5 көшпелі отырыс, 40 дөңгелек үстел мен кездесу аясында Президент тапсырмаларының, заңдардың және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты қаралды. Қабылданған ұсынымдар жауапты мемлекеттік органдарға жіберілді. Сессияда әріптестеріміз 45 депутаттық сауал жолдап, орталық мемлекеттік органдардың назарын өзекті мәселелерге аударды және оларды шешу жолын ұсынды", – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы 30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетінін, осыдан соң парламеттік каникул жарияланатынын айтты. 

"Парламенттік каникул кезеңінде депутаттардың жұмысы тоқтап қалмайтыны белгілі. Сіздер өңірлерге барып, халықпен, жұртшылықпен кездесесіздер. Соның аясында жергілікті жерлердегі проблемаларды зерделеп, сындарлы ұсыныстар жинақтайсыздар. Оның барлығы да алдағы депутаттық қызметімізге негіз болатыны сөзсіз", – деді Мәулен Әшімбаев сенаторларға арнаған сөзінде. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу