Парламент шенеуніктерге шетелде есеп шот ашуға тыйым салатын заңды қабылдады

637

Бұдан былай шенеуніктердің сырттағы қаржы ұйымдарына аударым жасап, халықаралық транштар жүргізуге құқығы жоқ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Парламент шенеуніктерге шетелде есеп шот ашуға тыйым салатын заңды қабылдады

Егер ондай қадамға барғаны анықталса, жазаланады. Бүгін сенаторлар лауазымды тұлғалардың қаржылық операцияларын бақылап, мемлекет ақшасының оффшорға шығып кетпеуін қадағалауға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Енді бұл құжатты Президент қарауы тиіс. 

Бұған дейін заңды әзірлегенде Қаржы министрлігі шектеуді шенеуніктің жақын туыстарына да салуды ұсынған. Бірақ мұнымен жоғарғы палатаның жұмыс тобындағы депутаттар келіспеді. Сондықтан шетелде есеп шот ашуға шектеу қою заңы мемлекеттік қызметкердің әйелі мен баласына қатысты болмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу