Парламент жаңа Су кодексін бекітті

131

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының Су кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Парламент жаңа Су кодексін бекітті Фото: inbusiness.kz

"Биылғы 5 наурызда Су кодексі мен ілеспе заңды Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдаған еді. Ал 20 наурызда Сенат оны талқылап, Мәжіліске қайтарды. Сенат Су кодексіне 12 түзету және ілеспе заңға 1 өзгерту енгізді, олар редакциялық әрі нақтылау сипатына ие, сондай-ақ осы заңнамалық актілердің тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді… Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Сенаттың ҚР Су кодексіне және ілеспе заңға енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", - деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу