Парламентке өткен партиялар мемлекеттен қанша қаржы алады?

740

Бұл соманың 7 миллиардтан астамы – Аманат партиясының еншісінде. 

Парламентке өткен партиялар мемлекеттен қанша қаржы алады? Фото: ҚР Парламент Мәжілісі

Парламентке өткен 6 партия үшін бюджеттен 12 жарым миллиард теңге бөлінеді. Саяси партияларды қаржыландыру ережесіне сәйкес, Парламентке өткен партиялар өздеріне берілген әрбір дауыс үшін сайлау өткен жылдағы ең төменгі жалақының 3 пайызы мөлшерінде қаржы алады. Осы есеппен алсақ, 3 жарым миллиондай адам дауыс берген Аманат партиясына жыл сайын 7 миллиард 206 миллион теңге бөлінбек.

693 мың адам сенім артқан Ауылдықтар 1 жарым миллиардтай алып отырса, тіркеле сала төрге шыққан Республика партиясына 1 миллиард 149 миллион теңге беріледі. Ақжолға 1 миллиард 123 миллион теңге, Қазақстан халық партиясына 909 миллион теңге шығындалуы тиіс. Ең аз дауыс жинаған социал-демократтардың өзіне 700 миллиондай қаржы бөлінеді екен. Бұл қаражатты партияның дамуы үшін жұмсауы қажет. Айта кетерлігі, игерілмеген қаржы қазынаға қайтарылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу