Парламентте депутаттар өзара сөзге келіп қалды

513

Депутат "Заң жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларда бизнес өкілдерінің жауапкершілігі анық жазылмаған" деп отыр.

Парламентте депутаттар өзара сөзге келіп қалды Фото: Zakon.kz

Жаңа келген депутаттар Парламенттің тәртібіне көндіге алмай жатқан сияқты. Бүгін "Бизнес жүргізу" туралы заң жобасының таныстырылымына келген Үкімет өкіліне мәжілісмен Бақытжан Базарбек "әкелген құжатыңызда іліп алар ештеңе жоқ" деп шүйлікті.

Депутат "Заң жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларда бизнес өкілдерінің жауапкершілігі анық жазылмаған" деп отыр. Ұлттық экономика министрінің орынбасары мардымды жауап бере алмады. Бақытжан Базарбек бастырмалата бастап еді, отырысқа төрағалық етуші Нұртай Сабильянов араласып, жаңадан келген әріптесіне жұмыс тәртібін түсіндірмек болды.

"Бақытжан Жұмабекұлы, депутат ретінде қай заң қаралып жатыр, қандай ұсынысыңыз бар дайындаңыз да енгізіңіз. Толық сізде құқық бар. Бұл біздің міндетіміз әрі-беріден кейін. Парламент мәжілісінде қаралып жатқан -заңдардың сапалылығын қамтамасыз етуіміз керек. Сол үшін әрі-беріден кейін ақша алып отырмыз. Халық сол үшін осы жерге жіберіп отыр", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов. 

- "Егер мен осы жиналысқа келмесем бұл мәселе көтерілмейтін еді", - деді Бақытжан Базарбек. 

- "Көтеріледі. Бұл жерде 98 депутат бар. 98 депутаттың өз ұсынысы, ойлары бар. Бір-бірімізден артықпыз, бір-бірімізден кереметпіз деп есептемеуіміз керек бұл жерде", -  деп атап өтті Нұртай Сабильянов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу