Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады – Президент

889

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады – Президент

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.                                     

– Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу