"Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатқан жоқ"

1145

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов баспасөз алаңда БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын мәлім етті.

"Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатқан жоқ"

"Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әрі қарай әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз", – деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін "Amanat" партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты.

"Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын", – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, Президенттің наурыздағы халыққа Жолдауынан кейін Парламент таратылуы мүмкін деген болжамдар айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу