Парламентті тарату туралы мәселе көтерілген жоқ – Әділет вице-министрі

623

ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі референдумнан кейін парламентті тарату туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Парламентті тарату туралы мәселе көтерілген жоқ – Әділет вице-министрі

Алма Мұқанова Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарын құрудың жаңа тәртібін айқындайтын нормалар сегізінші сайланған Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатынын айтты.

БАҚ өкілдері енді "Конституциялық реформалардан кейін жетінші шақырылым таратыла ма" деген сауал қойды.  

"Қазір жетінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін олар өз жұмыстарын жалғастырады. Енді қазіргі жетінші шақырылымды тарату мәселесі көтеріліп жатқан жоқ", – Әділет вице-министрі Алма Мұқанова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу