Парламенттік оппозиция парламенттік тыңдауға бастамашы болады

782

Үкімет сағатының күн тәртібін де парламенттік оппозиция бекітеді. 

Парламенттік оппозиция парламенттік тыңдауға бастамашы болады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңның жобасы мақұлданды. 

Құжат парламенттік көпшілік, парламенттік оппозиция ұғымдарын бекіту бойынша құқықтық негіздерді қамтамасыз етуді көздейді. 

Заң жобасы парламенттік оппозицияға мәжілістің регламентінде көрсетілген тәртіппен күнтізбелік жылда кемінде бір парламенттік тыңдау өткізуге бастамашы болуға және парламенттік сессияда ең кемі 2 рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындау құқығы береді. 

"Заң жобасының мақсаты – парламенттік оппозицияның құқығын іске асыру. Қоғамды алаңдататын проблемаларды көшеде емес, парламентте көтеру қажет. Сол үшін оппозицияға кемінде сессия сайын өзекті тақырыптарды парламенттік тыңдау деңгейінде көтеруге мүмкіндік беру керек", – деді депутат Азат Перуашев.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл норманың басқа нормалармен салыстырғанда айырмашылығы бар екенін айтты. 

"Заң бойынша парламенттік оппозиция кемінде бір рет парламенттік тыңдауға бастамашы болады. Бұрын мұндай болмаған. Бұл – маңызды қадам, – деді Нұрлан Нығматулин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу