Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс – Мемлекет басшысы

109

Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе.

Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. 

Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. 

Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. 

Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу