Парламенттің төменгі палатасының тұрақты комитеттеріне төрағалар сайланды

681

Мәжіліс депутаттарының жалпы отырысында комитет төрағаларының есімі белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.  

Парламенттің төменгі палатасының тұрақты комитеттеріне төрағалар сайланды Фото: parlam.kz

"Парламент Мәжілісінің регламентіне сәйкес, Мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы парламенттік оппозициядан сайланады. Үзіліс кезінде парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция фракциялары басшыларының тиісті консультациялары өтті. Оның барысында бірлескен шешімге сәйкес, Аграрлық мәселелер бойынша комитет төрағасы оппозициядан ұсынылады. Ал қалған комитет төрағалары парламенттік көпшілікпен, яғни AMANAT фракциясынан сайланатын болады", - деді Ерлан Қошанов. 

Мәжілістегі 7 комитет төрағалары:

  • Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежанна Имашева; 
  • Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкиев;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан; 
  • Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин; 
  • Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов;
  • Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Сегізбаев. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу