Парламенттің үшінші сессиясында 129 заң жобасы қаралды

820

Парламенттің үшінші сессиясында 129 заң жобасы қаралды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясы жабылып, депутаттар демалысқа шықты.

Жиында Нұрлан Нығматулин баяндама жасап, алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өткенін айтты.

"Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төраға болды. Біздің елімізде бүкіл әлемнің назарын аударған ЭКСПО-2017 ұйымдастырылды. Елордамызда Сирия жағдайы бойынша Астана процесі өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деңгейдегі келіссөз алаңына айналды. Осы барлық шаралар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық биік беделінің сыртқы және ішкі саясаттағы ерең еңбегінің нақты көрсеткіші. Үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз осы парламентте өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Бұл халықтың жағдайын күшейтуге арналған теңдесі жоқ ерекше қадам. Депутаттарымыз осы бастамаларды заң жағынан қолдауға белсене араласты. Елбасымыздың басқа да тапсырмаларын жоғары деңгейде сапалы заңдармен қамтамасыз ету осы сессиядағы ең негізгі жауапты міндет болды", - деді мәжілісң төрағасы.

Оның айтуынша мұны жүзеге асыру үшін қос палатаның төрт бірлескен отырысы, мәжілістің 38, сенаттың 28 жалпы отырысы өтті. Онда 400-ге жуық маңызды мәселе қаралды. Үшінші сессия басталған кезде екі палатаның қарауында 129 заң жобасы болса, бүгін олардың 84-і қабылданды. Қазіргі уақытта 65 заң жобасына мемлекет басшысы қол қойып олар өз күшіне енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу