Ислам Республикасы Күзеті корпусының бас қолбасшысы Яхья Рахим Сафави Парсы шығанағындағы кез келген әскери қарсылық таныту мұнай бағасын айтарлықтай көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Фарс" ирандық агенттік.
"Парсы шығанағында атылатын бірінші оқ мұнай бағасын 100 долларға дейін көтеріп жібереді. Ал бұл Америка, Еуропа және Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты Американың жақтас елдері үшін қиын", – деді Сафави агенттікке берген сұхбатта.
Соңғы уақытта АҚШ пен Иранның онсыз да шиеленісіп тұрған жағдайы одан сайын ушығып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу