ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Парламент Мәжілісі мен мәлихат депутаттарын сайлауға барлығы 7 241 562 адам қатысып, дауыс берген.
Сонымен, Мәжіліске үш партия өтті. 71,09% дауыс жинаған "Nur Otan" партиясының Мәжілістегі мандаты 76 болды. "Ақ жол" партиясы 10,95%-бен – 12 мандат және Қазақстан халық партиясы 9,10%-бен 10 мандатқа ие болды. Бұған қоса, Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясының 9 депутаттық мандаты бар. "ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия жеті пайыздық межеден өтті", - дейді К.Петров.