"Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

500

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі.  

"Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына өтінімдер қабылдау басталды Фото: gov.kz

Астана қаласында "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Конкурс "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес "Парыз" конкурсы туралы" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау ашық деп жариялады.

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі.

Конкурс лауреатының лауазымы екі санатта беріледі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі. 

Сол сияқты келесі номинациялар бойынша:

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

"Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

"Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттар "Астана қаласы экология департаменті" РММ-де қабылданады.

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды бір данада ұсынады, оларда:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін үміткерлердің құжаттарын ұсыну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу