Пашинян Армениядан қашпайтынын айтты

1046

Ол Бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатты. 

Пашинян Армениядан қашпайтынын айтты

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елден қашпайтынын, оның отбасы да елден кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы.

Бұған дейін Армения Қарулы Күштерінің Бас штабы Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, оны өз халқына қарсы күш қолданбауға үндеген еді. Осыдан кейін Пашинян Бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босатты. Бұған дейін Армения президенті Армен Саркисян Пашинянның ұсынысы бойынша Қарулы Күштердің Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Тиран Хачатрянды жұмысынан шығарып жіберген еді. Хачатрян үкімет басшысының Искандер кешендері туралы атқан сөздерін мазақ еткен болатын.

"Сіз ақпараттық террорға үйрендіңіз деп ойлаймын. Әртүрлі қауесеттер тарап жатыр. Мысалы, елден қашу үшін ұшақ дайындап жатыр деп айтып жатқандар бар. Біз елден кетпедік және ешқандай жағдайда бас сауғалап қашпаймыз. Менің отбасым осында", – деді Пашинян.

Пашинян 2020 жылдың қарашасында Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванды ереуілдер шарпыды.
Еске сала кетсек, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: armenpress.am

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу