Пашинян Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді

150

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен 80%-ға келісілген бейбітшілік келісіміне дереу қол қоюға және шешілмеген мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Пашинян Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді Фото: anews.az

"Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік қол жеткізбейтін арман емес, жүзеге асыруға болатын дүние. Әзербайжан президенті екеуміз бейбіт келісімнің кем дегенде 80 пайызы келісілгенін бірнеше рет айттық", – деді Пашинян БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында.

Оның айтуынша, "осы тарихи мүмкіндікті пайдалану және тығырыққа тірелу қаупін болдырмау үшін Армения келісім жобасында келісілгенді қабылдауды, оған қол қоюды, Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісім жасасуды, содан кейін шешілмеген мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруды ұсынады".

"Біз мұны дәл қазір жасауға дайынбыз", – деп атап өтті армян премьер-министрі.

Ол келісілген баптармен бейбіт келісімге қол қою даулы мәселелерді шешуді едәуір жеңілдететінін атап өтті.

"Бейбітшілік келісімі жобасының келісілген бөліктері бұл үшін құралдарды ұсынады: бірі – Армения мен Әзербайжан арасында орнатылатын дипломатиялық қатынастар, екіншісі – бейбіт келісімді жүзеге асыруды бақылау жөніндегі бірлескен армян-әзірбайжан комиссиясы", – деді Мемлекет басшысы.

Ол Армения Конституциясында Әзербайжанға қатысты аумақтық шағымдар жоқ екенін және "біз бұл туралы барлық мүдделі халықаралық серіктестерімізге егжей-тегжейлі жазбаша дәлелдер келтіре аламыз" деп атап өтті.

Пашинян Армения Әзербайжан үшін де, Түркия үшін де көлік коммуникацияларын ашуға, өз аумағы арқылы жүктердің, көлік құралдарының және адамдардың өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін айтты.

"Армения бір жерде, қандай да бір құжатта үшінші күштер оның аумағындағы коммуникациялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек деп келіскен деген барлық пікірлер – шындықтың бұрмалануы.  Арменияның міндеттемесі сөзсіз: өз аумағындағы жүктердің, көлік құралдарының және адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру және біз бұған кепілдік береміз", – деді армян көсемі Пашинян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу