Пашинян Қарабақтың Әзербайжан аумағы екенін мойындайтын декларацияға қол қойды

6523

Құжатқа ЕО мүшелері де қол қойды.

Пашинян Қарабақтың Әзербайжан аумағы екенін мойындайтын декларацияға қол қойды Фото: Press Service of Armenian Prime Minister

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан аумағының тұтастығын мойындайтын декларацияға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz RT телеарнасына сілтеме жасап.

Еуропалық саяси қоғамдастықтың Гранадада (Испания) өткен саммиті аясындағы Еуроодақ, Германия және Франция басшыларымен кездесуінде Пашинян қол қойған декларацияда Әзербайжан аумағы  86,6 мың шаршы метр деп танылған және оған Қарабақ кіреді.

ЕО кеңесі аймақтық ынтымақтастықты арттыруды және барлық шекараны, соның ішінде Армения мен Түркия арасындағы шекараны ашуды, сондай-ақ елдердің егемендігін толық құрметтеуге, сондай-ақ теңдік қағидаттарына негізделген аймақтық өзара байланыстарды қалыптастыруға шақырды.  

"Тараптар 2023 жылғы 14-15 мамырдағы Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің мәлімдемесінде айтылғандай, Арменияның (29 800 м2) және Әзербайжанның (86 600 м2) аумақтық тұтастығы мен  шекараларының мызғымастығын және егемендігін өзара тануға негізделген, Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған барлық күш-жігерді ұстанады", делінген құжатта.

Сондай-ақ ЕО күш қолданудан және оны қолданамын деп қорқытудан бас тартуға шақырды.

Еуропалық көшбасшылар сондай-ақ Армения мен Әзербайжанды барлық тұтқынды босатуға және минадан тазарту жұмыстарын жеңілдетуге шақырды.

Сондай-ақ, келіссөзге Әзербайжан президенті де  қол қоюы тиіс болған. Алайда ол жиынға өзінің басты одақтасы Түркияның да қатысқанын қалады. Бірақ оның ұсынысын ЕО басшыларының ішінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен күрделі қарым-қатынаста жүрген Франция президенті Эммануэль Макрон қабылдамады. Сол себепті Әлиев пен Ердоған келіссөзге қатысудан мүлде бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу