Пашинян отставкаға кетпеді – премьердің баспасөз хатшысы

618

Ел президенті Армен Саркисян мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізіп, оған дейін билікті ұлттық келісім үкіметіне табыстауға үндеді.

Пашинян отставкаға кетпеді – премьердің баспасөз хатшысы

Армения премьері Никол Пашинян қызметінен кетті деп жазған бірқатар Telegram каналдардың мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Үкімет басшысының баспасөз хатшысы осылай деді.  

"Отставка туралы жаңалықтар қисынсыз, сондықтан бұл туралы айтудың өзі артық", – деді ол. 

Ескере кететін жайт, бұл елдегі ереуілдердің басталғанына осымен бір айдай болды.Наразы топтар Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президент Ильхам Әлиев пен Армения премьері Пашинянның Таулы Қарабақтағы  қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімі Арменияның жеңіліс тапқанын білдіреді. Осы орайда ел президенті Армен Саркисян мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізіп, оған дейін билікті ұлттық келісім үкіметіне табыстауға үндеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу