Пашинян отставкаға кетпейтінін мәлім етті

705

Таулы Қарабаққа қатысты келісімге наразы топтар оның биліктен кетуін талап етіп отыр.

Пашинян отставкаға кетпейтінін мәлім етті

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетпейтінін жариялады.
"Қазіргі жоспарым – елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұдан бөлек басқа жоспарым жоқ", – деп басып айтты ол.

Ел астанасы Ереван қаласындағы тәртіпсіздіктер мен ереуілдердің басталғанына осымен бір аптадай уақыт өтті. Бас көтерулерге Таулы Қарабақ туралы соңғы келісім түрткі болды. 10 қарашада Армения премьері Ресей және Әзербайжан президенттерімен бірлесе осы аймақтағы қақтығысты тоқтату, сонымен қатар ресейлік бітімгерлерді Қарабаққа жіберу, аймақтағы бірнеше ауданды Әзербайжанға беру туралы келісімге қол қойған еді. Бірақ бұл шешімге наразы халық қазір Пашинянның биліктен кетуін талап етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу