Пашинян ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларымен консультацияларды өткізеді

462

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады.  

Пашинян ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларымен консультацияларды өткізеді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін жариялайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазақстанда қалыптасқан жағдайды еңсеру үшін ҰҚШҰ қолдауын күтіп отырған Қазақстан президентінің үндеуін ескере отырып,  Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде дереу ұйымға мүше елдердің көшбасшыларымен консультациялар өткізуді бастаймын", – деп жазды Пашинян өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚШҰ-ның мемлекет басшыларынан көмек сұрады.   

"Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартына орай ҰҚШҰ мемлекет басшыларына осы террористік қауіпті жеңу үшін көмек берулеріңізді сұраймын. Бұл мемлекеттің тұтастығына келген қауіп қана емес, сондай-ақ менен мемлекет басшысы ретінде көмек сұраған халыққа қолдау", – деді Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу