Пашинян Ұлыбританияда Әлиевпен кездесуден бас тартты

250

Әзірбайжан президенті мен Армения премьер-министріне үстіміздегі жылдың ақпан айында Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында кездесу форматында өткізу ұсынылған еді.

Пашинян Ұлыбританияда Әлиевпен кездесуден бас тартты Фото: kommersant.ru

Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев армян тарапы осы бейсенбіде Ұлыбританияда ашылған еуропалық саяси қоғамдастықтың  (ЕСҚ) төртінші саммитінің алаңдарында жоғары деңгейдегі кездесуден бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлыбритания ЕСҚ саммитін қабылдайтын ел ретінде осындай кездесу өткізу туралы ұсыныс жасады және оны Әзербайжан президенті мен Армения премьер-министрінің кездесу форматында осв жылдың ақпан айында Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында өткізу ұсынылды, деп атап өтті жоғары лауазымды шенеунік.

"Мысалы Германия канцлері Олаф Шольц Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы аясында кездесудің басында қатысты, содан кейін кездесу Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты форматта жалғасты. Сол форматты Ұлыбритания қабылдаушы тарап ретінде ұсынды. Бірақ армян жағы одан бас тартты. Кездесудің басында Ұлыбритания премьер-министрінің қатысуы жоспарланған болатын, содан кейін ол Әзербайжан мен Армения арасында жалғасын табуы керек болған. Біз Арменияның бұл кездесуден бас тартуын оның диалогтан және бейбіт күн тәртібін ілгерілету ниетінен бас тарту көрінісі ретінде қарастырамыз", – деді Гаджиев.

Оның айтуынша, "әртүрлі платформаларда бейбітшілік туралы айтатын Арменияның бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге ықпал ететін кездесуден неге бас тартатыны мүлдем түсініксіз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу