Паспорт жасату бағасы екі есе өсуі мүмкін

2039

Паспорт жасату бағасы екі есе өсуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі шетелге шығу төлқұжатына баж салығын 19 240 теңгеге көтеруді ұсынды. Бұл ұсыныс парламенттен де қолдау тапты, деп хабарлайды КТК.

Егер құжатқа елбасы қол қойса, келесі жылдан бастап паспортқа тапсырыс беру екі есеге қымбаттайды, яғни құжатқа тапсырыс берушілер 9 мың теңгенің орнына 19 240 теңге төлейді.

Үкімет уақытша және тұрақты тіркеуге салынатын баж салығын  мүлдем алып тастамақ. Ол үшін азаматтар қазір  ХҚКО-ға 227 теңге төлейтін. Енді ақысыз болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу