Паспорты жоқ шетелдіктер Қазақстанда қала алмауы мүмкін

ІІМ бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Паспорты жоқ шетелдіктер Қазақстанда қала алмауы мүмкін

Еліміздің Ішкі істер министрлігі "Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" ведомствоның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Дегенмен әлі қабылданған жоқ, "Ашық үкімет" сайтында  талқылауға шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Өзгерістер көршілер үшін қиындық туғызуы мүмкін. Қазір ресейліктер Қазақстанға ішкі төлқұжатымен немесе паспортпен кіріп, 30 күнге дейін тіркеусіз және ІІМ Көші-қон қызметінде тіркелгеннен кейін тағы 60 күн бола алады. Содан кейін уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу керек. Олай етпеген жағдайда елден кетуі керек.

Ал ІІМ бұйрығында төл құжат орнына тек шетелдік паспорт деп жазу ұсынылған. ІІМ ұсынған өзгерістер 10 қазанға дейін талқыланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу