Пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

2051

Күдіктінің осы тәріздес өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Елордалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үй алуға байланысты бірнеше алаяқтық фактісін жасаған 27 жасар қала тұрғынын ұстады.  

Алаяқ әйел бұрын да сотты болған.

Тергеу барысында әйелдің банк тыйым салған мүлікті, яғни пәтерлерді алып беруге көмектесемін деп азаматтарды алдағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 190 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Жасаған әрекеті үшін күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы тәріздес өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу