Пәтер бағасы 9% төмендетілді

856

17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешендегі баға төмендетілген. 

Пәтер бағасы 9% төмендетілді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасынан кейін елорададағы ірі құрылыс компаниясы орта есеппен пәтер бағасын 9% төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Барлық тұрғын үй кешені бойынша бағаның төмендеуі орта есеппен 9%-ға тең. Төмендеу диапазоны  бір шаршы метріне 10 мың – 125 мың теңге аралығында. Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешеніндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтер бұрын 34,3 млн теңге болса, баға төмендеген соң ол – 31,7 млн теңге", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағасын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықтаған еді. Олардың қатарында "BAZIS – A", "BI Group" холдингтері, "РАМС-Қазақстан" компаниясы бар. 

Бүгінде "BAZIS-A" және "РАМС-Қазақстан" Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бағасын төмендеткен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу