"Пәтер ұтып алдыңыз": Астанада алаяқтықпен айналысқан call орталық жойылды

194

Олардан 7 ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді.

"Пәтер ұтып алдыңыз": Астанада алаяқтықпен айналысқан call орталық жойылды Фото: www.voxys.ru

Астанада полиция қызметкерлері бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан алаяқтық сall орталықты жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажет екенін айтқан.

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің 6 қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан азаматы.

Сонымен қатар, Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады.

Тінту барысында 96 слоты бар 7 sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, 7 ұялы телефон, 2 ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы 2 пневматикалық тапанша және 4 армиялық каска тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу