Пәтерақы қымбаттауы жатақхана тапшылығын арттыруы мүмкін – Саясат Нұрбек

802

Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан асады. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.

Пәтерақы қымбаттауы жатақхана тапшылығын арттыруы мүмкін – Саясат Нұрбек

Бұл туралы 16 тамызда үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – 15 122 төсек-орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде – 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ – 5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар.

Сонымен бірге жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да жатақханаларға студенттер ағылуына әсер етуі мүмкін.

"Сондай-ақ теміржол көлігі мен авиаұшуларға билеттердің қымбаттауы және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы орын алуда екенін атап өткім келеді. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз. ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  "Қазақстан темір жолы" АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз. Жергілікті атқарушы органдар мен ЖОО ректорлары КВИ ауруларының өршуі кезінде іс-қимыл жоспарын (алгоритмін) әзірлеуі және тиісті өңірдегі ахуал нашарлаған жағдайда жедел шаралар қабылдаулары қажет", – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу