Пәтерде жиһаз жанған: Таразда 5 қабатты тұрғын үйден 79 адам эвакуацияланды

180

Оқыс жағдай Ұлы дала шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінде болған.  

Пәтерде жиһаз жанған: Таразда 5 қабатты тұрғын үйден 79 адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңертең тұрғын үйдің 5 қабатындағы пәтерде жиһаздың жанғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттан баспалдақ арқылы 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды.

2 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын лезде ауыздықталды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу