Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

Билік осылайша тұрғын үй нарығын бақылауға алмақ.

Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін елімізге келген көрші ел азаматтарының саны артты. Сәйкесінше, Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үй бағасы шарықтап кетті.

Мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" порталында жалға берушілер үшін электронды келісімшарт жасауды ұсынды деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біз белгілі бір платформаларда, соның ішінде eGov.kz сайтындағы тетікті екі рет басу арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандартты келісімшартқа қол жеткізгіміз келеді", – деді министр Мусин.

Еске сала кетсек, 21 қыркүйек Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланды. Осыдан кейін аталған ел тұрғындары Қазақстанға көптеп келе бастады. Ішкі істер министрлігі біздің ел олар үшін транзиттік мемлекет десе, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу