Пәтерінде тұрмайтын азаматтарды тіркейтіндерге қанша айыппұл салынады?

393

Астана, Алматы, Шымкентте баспана кезегіне тұрғысы келетіндер соңғы үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс.

Пәтерінде тұрмайтын азаматтарды тіркейтіндерге қанша айыппұл салынады? Фото: canva.com

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тұрғын-үй саясаты туралы заңды қолдаймын. Жағдайы аса қиын адамдарға, жетім балаларға, көпбалалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ мемлекеттік немесе қоғамдық қызметті орындау кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына баса назар аударылатыны қуантады. Заң Астана, Алматы, Шымкент қалаларында баспана алғысы келетін азаматтардың соңғы үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелуін талап етеді. Норма дұрыс әрі уақытылы, бұл ретте мен оның жүзеге асырылу механизмін нақтылауды сұраймын. Яғни, бұл норма адамдардың осы қалалардағы пәтерлерді сағыздай созып, жаппай тіркелуіне әкелмей ме?", - деді сенатор Бибігүл Жексенбай.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің сөзінше, бұл талап бұрыннан бар.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй кезегіне тұру үшін кемінде үш жыл олардың тіркеуі болуы қажет. Бұл заң жобасында бұл талап өзгеріссіз қалады. Бұл ретте Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, пәтерлерде заңсыз тіркеу бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Оның шеңберінде пәтерде нақты тұрмайтын азаматтарды заңсыз тіркегені үшін 10 АЕК қарастырылған", - деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу