Пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады

774

Алматыдағы 300-ден аса қоғамдық тамақтану нысанында газ баллондарынан ақау анықталған. 

Пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы Динара Жусанбекова мәлім етті, деп деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, 2021 жылдың 11 айында 70-тен астам базар, 78 сауда үйлері және 1160-тан астам қоғамдық тамақтану объектілері тексеріліп, Алматының 383 қоғамдық тамақтану нысандарында газ баллондарынан ақау анықталған. 

"Қолданыстағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңнамаға сәйкес, тұрғын үй саясаты басқармасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың, сондай-ақ тұрмыстық баллондардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Мәселен, өткен жылы ТКБ қызметкерлері мегаполистің көпқабатты үйлеріндегі газ баллондарын пайдалану бойынша жоспардан тыс 15 тексеру жүргізді. Нәтижесінде, 48 мың теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 5 тұрғын тартылды", – деді маман. 

Еске сала кетсек, елімізде көп қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллон сақтауға және пайдалануға тыйым салынған. 

"Біз Алматыда газды пайдалануға байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамдық тамақтану объектілері мен сауда базарларында басшылық пен персонал тарапынан немқұрайлылықты көріп отырмыз. Бұл ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ түрлі зардаптарға әкелуі мүмкін. Тағы еске саламыз, пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады", – деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу