Бір қызығы, пәтерлерді заңсыз жалға берудің басым бөлігі полицияға жасырын түрде хабарланған. Нәтижесінде, бесеуіне 45 000 теңге айыппұл салынса, қалғандары сотқа жолданды. Әкімшілік кодекс бойынша оларға 15 АЕК-қа дейін айыппұл салынады.
"Бұл салық төлеушілерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ осы құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес 15 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаймыз", – деді БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Абылай Малаев.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмылдыру жарияланған соң Оралға Ресейден 70 мыңға жуық адам келген. Олардың көпшілігі көшіп кетті, 2,5 мыңға жуық ресейлік қалада қалды. Шекарадағы жағдай әлдеқашан тұрақталып, тұрғын үй бағасы бұрынғы бағаға – 50-ден 100 мың теңгеге дейін арзандады.