Байқоңыр ауданының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылжымайтын мүлік арқылы жасалған алаяқтыққа қатысы бар 20 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Биылғы жылдың ақпан айынан бастап жас жігіт "Крыша KZ " сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастыра бастаған.
Оның алдауына көбінесе пәтерді тәулікке жалға алушы сырттан келген қала қонақтар түскен.
Қазіргі уақытта полицияға 11 азамат өтініш білдірді. Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оған қоса басқа да жәбірленушілер анықталуда.