Патриарх Кирилл Украинада Рождество кезінде бітім орнатуға шақырды

411

Мәскеу мен күллі Ресей Патриархы Кирилл атысты тоқтатуға және Украина мен Донбасста 6 қаңтарда сағат 12:00-ден 7 қаңтарда 24:00-ге дейін Рождестволық бітім орнатуға шақырды.

Патриарх Кирилл Украинада Рождество кезінде бітім орнатуға шақырды

"Мен, Кирилл, Мәскеу мен күллі Ресей Патриархы ішкі жанжалға қатысқан барлық тараптарды атысты тоқтатуға және Рождество бітімін 6 қаңтарда сағат 12:00-ден 7 Қаңтарда 24:00-ге дейін орнатуға шақырамын, осылайша православ халқы құлшылық ете алады", - деп жазылған Орыс православ шіркеуі (ОПШ) сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Өткен жылдың соңында ОПШ басшысы Ресейдің Донбасста әскери қимылдарға баруы оның бітімгершілік күш-жігерінің Киев билігі мен батыс елдерінің теріс түсінуінен болғанын айтып, шиеленіс үшін жауапкершілік "Қасиетті Орыс елін, оның халқын, бірлігі мен тұтастығын жоюды мақсат тұтқандардың мойынында" деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу