Патронат тәрбиеші психиатрға жүгініп, 8 жасар жетім балаға әсері күшті дәрі ішкізген

515

Бүгінде қылмыстық іс қозғалды.  

Патронат тәрбиеші психиатрға жүгініп, 8 жасар жетім балаға әсері күшті дәрі ішкізген Фото: Динара Зәкиева әлеуметтік желісінен

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің бір аптада атқарған жұмыстарымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақмола облысындағы өңірлік уәкілмен бірлесіп 2022 жылдан бері патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар баланың азапталуы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мектеп баланың үнемі ұйқысы келіп жүретінін, аш жүретінін және гигиенасының төмендігін байқаған. Тексеру барысында денесінде тыртықтар мен көгерулер анықталған. Бұған дейін баланың үлгерімі жақсы, өзі белсенді еді. Алайда, сәуір айында патронаттық тәрбиеші психиатрға жүгініп, баланың мінез-құлқында мәселелер бар деп, оған әсері күшті дәрі тағайындалғаны күмән тудырып отыр. Мектеп тарапынан мұндай ескертулер болмаған", - деп жазды Динара Зәкиева Фейсбуктегі парақшасында.

Қазір бала ауруханада жатыр. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева бұл мәселе бойынша Бас прокуратура мен облыстық прокуратураға жүгінгенін, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу