Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Біріккен корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу барысы қалай өтетінінен осы кезге дейін бейхабар. Себебі ол Brexit туралы Британия премьер-министрі Тереза Мэйден сұрастырған кезде, үкімет басшысы өз жоспарымен бөліспей қойған. Бұл туралы сенімді дереккөзге сілтеме берген The Times хабарлайды, деп жазады 24Хабар.
Ақпаратқа сәйкес, Мэй Екінші Елизаветаға "Brexit дегеніміз Brexit" деп, қысқа ғана қайырып тастапты. Осыдан соң патшайымның Тереза Мэйден көңілі қалған. Букингем сарайындағылар бұл ақпаратқа қатысты пікір бөлісуден бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу