"Алатау" спорт кешенінде пауэрлифтинг пен штанганы жатып көтеру түрінен Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бұл жарыста Астана, Қарағанды, Өскемен, Степногорск қалаларының намысын қорғауға 100-ден аса спортшы қатысты. Астана қаласының атынан 70 спортшы бақ сынап, оның жетеуі, атап айтар болсақ, Салмен Азат, Дурманов Тұрлыбек, Перан Александр, Сұңқар Әлфараби, Ершов Николай, Жүргімбеков Рүстем, Миломанова Любовь алтынды қанжығаларына байлады.
- Жарыстың қорытындысына қарап, спортшыларымыздың жоғары деңгейде өнер көрсететінін байқауға болады. Спортшыларымыз халықаралық жарыстардан жиі жүлделі оралады, - дейді "Жігер" спорт клубының жаттықтырушысы Евгений Руденко.
Айта кетейік, жарысты ұйымдастырушылар Астана қаласының дене шынықтыру басқармасы мен "Жігер" спорт клубы болып табылады.