Павел Дуров ауыл балалары үшін IQanat мектебіне бірнеше грант бөлді

197

 Бұл шынымен керемет! 

Павел Дуров ауыл балалары үшін IQanat мектебіне бірнеше грант бөлді Фото: Instagram.com/rakhimbaevaidyn

Ресейлік кәсіпкер, программист Павел Дуров ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлді. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Павел Қазақстанға, Бурабайға сапарында Google Map-тан біздің мектепті байқап, қызығушылық танытты. Сапар барысында ол оқу процесі туралы толық ақпар сұрады. Қызығушылығының неге мұншалықты жоғары екенін кейін білдім. Өзі де дарында балаларға арналған мектепті бітірген екен. 

Бір таңғаларлығы, ол мектепте уақытының көп бөлігін өткізді. Қарапайым ауыл балаларының оқу жылдарында қаншалықты өзгеретінін, керемет прогреске жетіп, соның ішінде шетелдік университеттерге түсетінін білген ол балы грантқа сәл жетпей қалғандарға қосымша ақша бөлуді ұсынды.

Кейіннен телеграм арқылы онымен байланыста отырдым. Ол үміткерлерді жеке сұрыптап, олардың ұпайларын, тақырыптарын және тағы да қосымша ақпаратты сұраған кезде мен қатты таңдандым... 15 миллиард доллардан астам дәулеті бар адам осындай кішкентай бірақ маңызды іспен айналысып отыр. Балалар туралы біле түскен кезде гранттар саны 12-ге дейін өсті!

Бұған дейін де менің ол туралы пікірім жоғары болды. Бірақ онымен жақынырақ танысып, ұзақ хат алмасудан кейін арапайым балаларымыздың тағдырын өзгертуге жан-тәніммен тырысқанына тәнті болдым. Осылайша Қазақстанның ең шалғай аймақтарынан 12 бала IQanat грантына ие болды! Бұл шынымен керемет!", - деп жазды кәсіпкер. 

Сөз соңында кәсіпкер барлығы өз қолымызда екенін жаза кетті. Сөзінше, 12 баланың тағдырын мектепке кездейсоқ келген Павел Дуров өзгертті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу