Павел Дуров Бурабайға демалуға келді

1482

Оған Қазақстанның табиғаты ұнаған. 

Павел Дуров Бурабайға демалуға келді Фото: Бейнежазбадан

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы, кәсіпкер Павел Дуров Қазақстанға қайта келді. Оған Бурабайдың табиғаты ерекше ұнаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің сөзінше Павел Дуров өткен жолы елімізге жұмыс бабымен келсе, осы жолы демалуға келе жатыр екен.

"Өткен жолғы сапарының мақсаты – жұмыс бабымен байланысты болды. Ол Бурабайдан бөлек, Астанада әртүрлі объектілерге, атап айтқанда біздің министрлікке, Астана халықаралық қаржы орталығына, Astana Hub тағы басқа ұйымдарға барды. Алматыда да болды. Бұл жолы демалу мақсатымен қайта оралды, оған Бурабай өте ұнады", – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Еске сала кетейік, биыл 27 маусымда кәсіпкер, бағдарламалаушы және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Әлеуметтік желіде П.Дуровтың Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркіне барғаны туралы видео тараған еді.

Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, Павел Дуров еліміздің табиғатына тамсанып, сұлулығынан амбициясы ғана асып түседі деген жазба қалдырып Қазақстанға сапарынан алған әсерін бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу