Telegram-ның негізін қалаушы, миллиардер Павел Дуров Telegram-арнасында Қытайдың IT-технологиялар саласындағы жетістіктері туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қытайлық DeepSeek стартапының жетістігінен кейін көптеген адам Қытайдың АҚШ-ты жасанды интеллект саласында қалай тез қуып жеткеніне таңғалып жатыр. Бірақ та Қытайдың алгоритмдік тиімділік саласындағы дамуы кездейсоқ пайда болған жоқ. Қытайдағы мектеп оқушылары математика мен бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиадаларда көптеген елді әлдеқашан басып озды. Математика және табиғи ғылымдар саласындағы мықты мамандарды дайындауда Қытайдың орта білім беру жүйесі Батысқа қарағанда әлдеқайда озық", – деді Павел Дуров.
Айтуынша, бұл студенттер арасындағы жоғары бәсекелестікке әкеледі.
"Бұл тиімділігі жоғары болған кеңестік модельден алынған принцип. Ал батыс мектептерінің дені бәсекелестікті қолдамайды, оқушылардың бағасын және рейтингтерін жариялауға тыйым салып отыр. Олар мұны оқушыларды стресстен қорғау себебінен деп түсіндіреді. Десек те, мұндай шаралар ең дарынды оқушыларды ынталандырудың орнына кері ықпалы бар", – деп түсіндіреді ол.
Дуровтың пайымдауынша, оқушылар үшін жетістікке жетудің негізгі жолы – оқуды ойын ретінде қарастырып, бірінші орынға жетуге ынталандыру.