Ресейдегі Еуразия халықаралық университетінің ректоры Константин Клименко ВКонтакте мен Telegram желілерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Клименко бұл идеясын өзінің Telegram-каналында жазды.
"Мен Павел Дуровты жаңа цифрлық технологиялар дәуірінің көшбасшысы деп санаймын. Сондықтан Павел Дуровқа Нобель сыйлығын беру туралы ресми ұсыныс жолдадым ", – деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, бұл идеяны Азия мен Африка елдерінің бірқатар университеттері мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері де қолдап үлгерген.
"Сонымен қатар Дубай БРИКС инвестициялық форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде мен Павелді осы форумның құрметті қонағы және спикері болуға шақырдым... Егер Франция билігі Дуровты түрмеден босатпаса, ол Дубай БРИКС форумына қашықтан қатыса алады", – деп қосты университет ректоры.