"Еуразиялық банк" АҚ өзінің халықаралық облигацияларының 258,8 млн долларға тең жиынтық көлемін өтеп алды деп хабарлайды abctv.kz.
Еуразиялық банк 17-25 тамыз аралығында Қазақстандық қор биржасындағы міндеттемесінің 52%-ын өтеді. Банктің хабарламасына сүйенсек, шілде айында банк 138,6 млн доллар көлеміндегі еурооблигациясын өтеп, күшін жойған. Бұл – банктің қор биржасына шығарған құнды қағаздарының шамамен 28%-ы. Осынау міндеттемелерден кейін банктің осы жылдың 6 қарашасында өтеуі тиіс еуробондтарының көлемі шамамен 102,6 млн долларды құрды.
"Қаржы нәтижесін тиімді басқару мақсатында біз еурооблигациялардың бір бөлігінің құнын өтеп алу жайлы шешім қабылдадық. Өйткені қазіргі таңда қорландыруды одан да төмен мөлшерлемелер бойынша тартуға мүмкіндік бар. Еуразиялық банк бағалы қағаздардың құнын өз қаражаты есебінен өтеп алды. Бұл осы әрекетіміз арқылы банктің өтімділік позициясы нық екенін дәлелдедік", – дейді "Еуразиялық банк" АҚ басқарма төрағасы Павел Логинов.
Шілде айында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің активтер көлемі бойынша Еуразиялық банк 1 трлн теңге көрсеткішпен үздік ондықтықты түйіндеді. Тамыз айының басында банктің депозиттік және несиелік портфелі тиісінше 684 млрд және 621 млрд теңгені құрады.