"Павлодар" АЭА аумағында қалдықтарды қайта өңдеу зауыты пайда болады

965

Инфрақұрылымдық жоба "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының техникалық-экономикалық негізінде жасалған

"Павлодар" АЭА аумағында қалдықтарды қайта өңдеу зауыты пайда болады Фото: pavlodarnews.kz

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы Қазақстанда қалдықтарды жою және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын алғашқы АЭА болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

"Бұл жобаны іске асыру жеке инвесторлардың инвестициялары есебінен инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген 150 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдейді",  – деді "Павлодар" АЭА басшысы Айбек Тұрсынғалиев. – Жоба шаршуашылық жұмыстарының қоршаған орта және халықтың денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін анықтайтын кешенді іс-шаралардан өтті. Бұл өз кезегінде қалдықтарды қауіпсіз жою және қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының техникалық-экономикалық негізінде жасалған. Оның мерзімінен бұрын іске асырылуы мемлекеттік бюджетті үнемдеу мәселесін шешу мен инвесторлардың қалдықтарды қайта өңдеуге және олардың өнеркәсіптерінен тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін 130-дан астам кәсіпорын бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу