Павлодар әкімі сөгіс алды

840

Облыс басшысы Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке тасымалдаушылар мен тұрғындардың арасында үйлестірудің мардымсыздығы үшін сөгіс берді.

Павлодар әкімі сөгіс алды Фото: Валерий Бугаев

Әбілқайыр Сқақов Павлодар әкіміне сөгіс жариялады. Бұған қалада тасымалдаушылардың азаматтарды жеңілдікпен алып жүруден бас тартқандығы себеп болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс басшысы Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын төмен деңгейде жүргізгені және қарым-қатынас мәселелеріндегі, атап айтқанда, тасымалдаушылар мен тұрғындардың арасында үйлестірудің мардымсыздығы үшін сөгіс берді.

Еске салсақ, 1 наурыз күні павлодарлық тасымалдаушы өзінің хабарландыруымен жұртты таң қалдырды. Қоғамдық көлікке "Жеңілдігі бар қалалықтар, әкімдікте сіздердің жолақыларыңызды төлейтін ақша жоқ болғандықтан, оны өздеріңіз төлеулеріңізді сұраймыз" деген жазу ілінген болатын. Нәтижесінде жеңілдігі барлар жолақысына әдеттегі 40 емес, 80 теңге төлегендерін айтып шағымданды.

Хабарландыру жарты күн бойы қаладағы 6 бағыт бойынша қатынайтын: №1, 1Э, 2, 9, 18, 27 автобустарда ілініп тұрды. Одан кейін тасымалдаушы әкімдікпен келісімге келгеннен кейін болар, хабарландыруды алып тастап, жеңілдіктерді қалпына келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу