Павлодар алюминий зауыты өнім шығарудағы отандық үлесті арттырды

9259

Павлодар алюминий зауыты өнім шығарудағы отандық үлесті арттырды

Павлодар алюминий зауыты Қазақстанның металлургия алпауыттарын технологиялық ыдыспен толық қамтамасыз етіп отыр. Осылайша кәсіпорын ферроқорытпа және алюминий өндірісіндегі отандық үлесті арттырып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жоба технологиялық сынақтан өтіп, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Отандық өнімнің артықшылығы көп. Шетелдік баламасына қарағанда қолданылу мерзімі ұзақ. Осыдан екі жыл бұрын алюминий зауытының мамандары Қытайдан алынатын құйма қалыптарды өзіміз шығарсақ деген ой тастаған. Олар тәжірибе ретінде құйма-механикалық цехта сұйық алюминий құйылатын ыдыстардың алғашқы үлгілерін жасап көреді. Мұнымен қоймай металлургтер құймақалыптың ортасындағы термоциклдік жүктемені төмендете отырып, қалыптың формасын өзгерткен. Жаңашылдық қолдауға ие болды. Өйткені бұрынғы қалыптар жоғары температураға шыдамай жарылып кететін. Ал отандық өнімнің сапасы жоғары, қолданылу мерзімі 6 айға ұзарған.

Құю-механикалық цехында бастапқы сұйық алюминий құйылатын құмақалыптар мен әртүрлі формадағы қалыптар өндірістік жолға қойылған. Жылына шамамен 130 тонна технологиялық ыдыстар жасау жоспарда. Конструкторлар металлургия саласына қажет тағы бір тың жобаны игеру үстінде. Мамандар феррохром құйылатын табандықтардың үлгісін жетілдірген.

"Басқа металл қорытпасына арналған үздік технология қолданылып жасалған ыдыстардың жобасы жасалып  жатыр. Олардың да қолданылу мерзімі ұзақ болады және ферроқорытпаның өзіндік құнына оң әсерін тигізеді", - дейді құйма-механикалық цехтың басшысы Валерий Бахтин.

Өндірістік қуаттылықтың артуы энергорестурстар көлемін ұлғайтуға міндеттейді. Бүгінгі таңда кәсіпорында ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Құны 800 миллион теңгеден асатын 13 буландырғыш батареяның құрылысы аяқталуға жақын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу