Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар-Астана тас жолында 170 жеңіл көлік пен жүк көліктерінен ұзынсонар кептеліс пайда болды. Оқиға Шідерті ауылының жанында болды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Оларға арнайы 4 жылыту орталықтары әзірленді. Адамдар Шідертідегі мектеп, қонақүй, мешіттерге орналастырылды. Мамандар тас жолдарды қардан аршып, тазалап жатыр. Жұмысқа Қазавтожолдың 12 техникасы мен жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу